Текелі қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарындағы еңбек заңнамасының сақталуына жүргізген талдау барысында 798 қызметкердің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру нәтижесінде қаладағы 8 мектептің ұжымдық шарттары Еңбек кодексінің талаптарына толық сәйкес келмегені белгілі болды. Құжаттарда қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алған жағдайда, пайдаланылмаған демалыс бөлігі үшін өтемақы төлеу тәртібі қарастырылмаған.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін заң бұзушылықтар жойылып, ұжымдық шарттар заң талаптарына сәйкестендірілді. Оларға тиісті кепілдіктер енгізілді.
Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.