Жетісуда демалыс күндері мас күйінде көлік жүргізген 6 адам ұсталды

337

Рейд барысында жол ережесін бұзудың 117 дерегі анықталды.  

Жетісуда демалыс күндері мас күйінде көлік жүргізген 6 адам ұсталды Фото: amur.life

Жетісу облысында демалыс күндері полиция рейд жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 117 дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейд барысында мас күйінде көлік басқарған алты жүргізуші анықталып, олар көлік жүргізуден шеттетілді. Сонымен қатар автокөліктердің техникалық жай-күйіне қатысты 13, заңсыз қайта жабдықтаудың 11 дерегі тіркелді.

Бұдан бөлек, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланған 15 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпаған 21 және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткен 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Полиция жол белгілерінің талаптарын бұзудың 18 дерегін анықтап, көлік басқару құқығы жоқ екі жүргізушіні ұстады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесін бұзудың 12 дерегі тіркелді.

Полицияның мәліметінше, мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу