Жетісуда иесіз қалған құрылыс алаңынан қару-жарақ сақталған орын табылды

521

Қару қаңтар оқиғасы кезінде аңшылық дүкеннен ұрланған.

Жетісуда иесіз қалған құрылыс алаңынан қару-жарақ сақталған орын табылды Фото: ҚР ІІМ

Жетісу полицейлері Талдықорған маңында иесіз қалған үй құрылысынан қару-жарақ сақталған жасырын орынды тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қару-жарақ Талдықорғанның шетіндегі қараусыз қалған үй құрылысында сақталған.

"Сол жерде Vernery Carron қос ауызды және Сайга-12 мылтықтары тәркіленді. Екеуі де 12 калибрлі. Арнайы мәліметтер базасын тексере келе, табылған атыс қаруы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласының аңшылық дүкендердің бірінде ұрланғаны анықталды", – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу