Жетісуда Қора өзені бассейніндегі мореналық көлдер зерттелді

246

"Қазселденқорғау" мамандары Қора өзені бассейніндегі мореналық көлдердің жағдайын бақылауды жалғастыруда.  

Жетісуда Қора өзені бассейніндегі мореналық көлдер зерттелді Фото: gov.kz

Жетісу облысындағы Қора өзені бассейнінде 30-дан астам биік таулы мореналық көлдің жағдайы зерттелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі филиалының мамандары аумаққа авиациялық зерттеу жүргізіп, көлдердің жағдайын және ықтимал жарылу қаупін бағалады.

Зерттеу барысында мореналық көлдердің бірінде батиметриялық жұмыстар жүргізіліп, су айдынының негізгі морфометриялық сипаттамалары, оның ішінде тереңдігі мен акваториясының параметрлері анықталды.

Зерттеу нәтижесінде көлдің жарылу қаупі және төтенше жағдай туындау қаупі анықталған жоқ.

Мамандар биік таулы мореналық көлдерге тұрақты мониторинг жүргізеді. Бұл ықтимал қауіпті өзгерістерді дер кезінде анықтап, тәуекелдерді бағалауға және қажет болған жағдайда сел қаупі бар аумақтағы халық пен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу