Талдықорғанда туған қызын 7 жыл бойы зорлап келген әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды

1170

Кәмелетке толмаған жәбірленушінің мүддесін сақтау мақсатында сот отырысы жабық түрде өтті. 

Талдықорғанда туған қызын 7 жыл бойы зорлап келген әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды Фото: Бейнежазбадан

Жетісу облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық жасаған әкеге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда әшкере болды. Мұны жәбірленушінің анасы көріп қалған. Содан соң қызы анасына бар шындықты жайып салған.

Ол әкесінен 7 жылдан бері қорлық көргенін жеткізген. 39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны сотта дәлелденді.

"Күдіктіні Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Химиялық кастрация жасауға үкім етілсін. Орта білімді ер адам – жұмыссыз, 4 баланың әкесі. Оған енді өмір бойына педагогикалық салада жұмыс істеуге тыйым салынсын", – деп үкім етті Жетісу облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Бақыт Ермаханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу