Жетісуда мемлекеттік мекеме кәсіпкерлерге тиесілі 7,1 млн теңгені уақытында төлемеген

121

30 кәсіпкерге тиісті сома берілмеген.  

Жетісуда мемлекеттік мекеме кәсіпкерлерге тиесілі 7,1 млн теңгені уақытында төлемеген Фото: gov.kz

Облыстық прокуратура мемлекеттік сатып алу саласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сарқан ауданы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде "Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ тарапынан шарттық міндеттемелерін толық орындаған кәсіпкерлерге төлем жасалмағаны анықталды. Нәтижесінде 30 кәсіпкерге жалпы сомасы 7,1 млн теңге төленбеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, берешек толық көлемде өтелді. Тексерістен соң кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.

Жетісу облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін мобильді топ тұрақты түрде жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу