Жетісуда өзен жағасынан құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіргендер анықталды

354

Рейд барысында трактор мен екі жүк көлігі табылды.  

Жетісуда өзен жағасынан құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіргендер анықталды Фото: kaztag.kz

Жетісу облысында Балықты өзенінің жағалауында құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру және тиеу фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері табиғатты қорғау прокуратурасы және Талдықорған қаласы полиция басқармасының мамандарымен бірлесіп рейд жүргізген. Тексеру барысында табиғи материалды заңсыз тиеуге пайдаланылған трактор мен екі жүк көлігі анықталды.

Трактор арнайы тұраққа қойылды. Жиналған материалдар қаралып, тиісті шара қабылдау үшін Жетісу облысы бойынша экология департаментіне жолданды.

Полиция табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алу және экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша рейдтік жұмыстар жалғасатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу