Жетісуда мал жаюға кетіп жоғалған 83 жастағы қария аман-есен табылды

193

28 тамыз таңғы уақытта қария мал бағуға шыққан, алайда кешке үйіне қайтып оралмаған. Жақындары алаңдап, бірден полицияға жүгінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісуда мал жаюға кетіп жоғалған 83 жастағы қария аман-есен табылды Фото: polisia.kz

Зейнеткерді іздеуге барлық күш жұмылдырылды. Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары және бейжай қарамайтын еріктілер іздестіру жұмысына қосылды. Қиын таулы аумақтарды шолуға заманауи техника – ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Біраз уақыттан соң қария Сарыбел ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі таулы аумақтан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Осылайша полиция қызметкерлері қарияны отбасымен қауыштырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу