Жетісуда жол апатынан үш адам көз жұмды

428

Алматы - Өскемен тас жолының 568 шақырымында жол көлік апаты орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісуда жол апатынан үш адам көз жұмды Фото: polisia.kz

Оқиғадан үш адам қаза тапты.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.

"Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған", – деп жазды өңірдегі полиция департаментінен.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу