Жетісудағы "Мамания" мектеп-медресе ғимаратын қалпына келтіру ұсынылды

1086

"Мамания" - Жетісу өңіріндегі алғашқы білім беру орталықтарының бірі. Мектеп-медресе 1899 жылы ашылған, бүгінгі таңда оның тек іргетасы ғана қалған", – деді сенатор Бақытжан Жұмағұлов. 

Жетісудағы "Мамания" мектеп-медресе ғимаратын қалпына келтіру ұсынылды

Ол депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Мамания мектеп медресесін қайта қалпына келтіріп, мемориалдық үйге, әрі тарихи этнографиялық музейге айналдырған жөн. Сонымен қатар жақсының тұяғы болған бүкіл Маман ұрпақтарына, сол жерден білімнің нәрін алып, оқыған ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған шәкірттер аллеясын жасауды ұсынамын. Бұл ретте, Мамания мектебін қайта қалпына келтіру жастарды патриотизмге, ұлттық руханиятты сүюге ықпал ететін игі іс болады деп ойлаймын", – деді Жұмағұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу