Жетісудағы өз әйелін аюандықпен өлтіру әрекеті бойынша тергеу аяқталды

201

Жетісу облысында жергілікті тұрғынның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Жетісудағы өз әйелін аюандықпен өлтіру әрекеті бойынша тергеу аяқталды Фото: canva

Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге прокуратураға жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Күдікті сот процесі аяқталғанға дейін сотқа дейінгі тергеу изоляторында болды. Тергеу Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болғаны аталып өтті.

Бұған дейін қайғылы оқиға 21-інші маусымнан 22-інші маусымға қараған түні Ақсу ауданындағы Баласаз ауылында болғаны хабарланған.

Тергеушілердің айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелін қатыгездікпен ұрып-соққан. Айзат Маратқызы алған жарақатынан қайтыс болған.

Туыстары мәйітті сот-медициналық сараптамасыз алып кеткенін айтып, мұқият тергеуді талап еткен.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу