Алматы облысының Балқаш ауданында күріш өсірумен айналысатын кей шаруашылық көктемгі далалық жұмысқа кірісіп те кетті, деп хабарлайды 24.kz.
Аудан шаруалары өткен жылы 8250 га алқапқа күріш егіп, әр гектарынан орта есеппен 42 центнерден өнім алған. Егіс алқабы жылдан-жылға ұлғайып келеді.
"Мұнда 80 адам жұмыс істейді. Шаруашылық несие рәсімдеп, лизингке 25 трактор сатып алған. Механизаторларды ынталандыру үшін күзгі жиын-терім кезінде бәйге жарияланып тұрады. Озат механизаторларға бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Техникамыз көктемгі егіс науқанына сақадай сай, қажетті жанар-жағармайымыз да жеткілікті", – дейді шаруалар.
Балқаш ауданының шаруалары өткен жылы 8250 га жерге күріш егіп, одан 34 мың тонна өнім алды. Олар биыл 8500 га алқапқа күріш өсірмекші. Қаратал ауданында да осыншама жерге күріш егіледі. Ал облыста биыл жалпы аумағы 1 млн гектардай егістік игеріледі.