Жетісулық полицейлер 15 жыл іздеуде жүрген адамды қолға түсірді

430

51 жастағы ер адам Жетісу облысындағы Көксу ауданында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісулық полицейлер 15 жыл іздеуде жүрген адамды қолға түсірді Фото: polisia.kz

Белгілі болғандай, Қазақстан азаматы 2008 жылдан бері Ресейде "есірткі қылмысын жасады" деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген. 

Жетісу полицейлері Ресейдің Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін қабыл алып, оларға күдіктінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберді. 

Ұсталған ер адамға қатысты істің барлық мән-жайы анықталғанға дейін оған "келу туралы міндеттеме" шарасы таңдалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу