Жезқазғанда "Қазақмыстың" жұмысшысы мерт болды

809

Жезқазғанда "Қазақмыстың" жұмысшысы мерт болды

Жезқазғанда өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан "Қазақмыс" компаниясының жұмысшысы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақмыс" компаниясы 21 ақпан күні Жезқазғандағы №№ 1, 2, 3 байыту фабрикаларының аумағында болған жазатайым оқиға туралы хабарлады. Орталық қоймадан материалдар жеткізу тапсырмасын орындау кезінде 1994 жылы туған жұмысшы кабель барабанын қосалқы станцияның гаражына кіргізіп жатқанда жарақат алған.

Зардап шеккен жұмысшы Жезқазған қаласының медицина орталығына жеткізілген, өкінішке қарай, ота жасалған соң, ауыр жарақаттардың салдарынан қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеп-тексеру жөнінде арнайы комиссия жасақталды. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басшылығы мен еңбек ұжымы қайтыс болған жұмысшының туыстары мен жақындарына, қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу