Жезқазғанда 20 жыл бұрын адам өлтірген күдікті Ыстанбұлда ұсталды

282

Қылмыстық ұйымның болжамды жетекшісіне жасалған қарулы шабуылға байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

Жезқазғанда 20 жыл бұрын адам өлтірген күдікті Ыстанбұлда ұсталды Фото: haberler.com

Түркия полициясы Жезқазғанда 2006 жылы болған кісі өлтіру дерегі бойынша халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Ресейдің құқық қорғау органдары іздестірген 50 жастағы Витта М. Ыстанбұл қаласындағы Бакыркөй ауданында бой тасалап жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу нұсқасы бойынша, ер адамның 2006 жылғы қарашада қылмыстық ортадағы беделді тұлға Сагит Ш.-ның өліміне қатысы болуы мүмкін. Ол қылмыстық ұйымның болжамды жетекшісіне жасалған қарулы шабуылға байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Күдіктіні ұстау операциясын Ыстанбұл қалалық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының іздеуде жүрген адамдарды анықтау бөлімінің қызметкерлері жүргізген. Қазір оған қатысты процессуалдық шаралар жалғасып жатыр.

Қылмыс 2006 жылғы 28 қарашада Жезқазған қаласында тіркелген. Қылмыстық ұйымның болжамды жетекшісі автокөлігімен үйіне қайтып келе жатқанда, белгісіз адамдар оған шабуыл жасап, көлігіне оқ атқан. Қарулы шабуыл салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Сол кезеңдегі Қазақстандық басылымдардың жарияланымдарында марқұмның ірі өнеркәсіптік компанияға миллиондаған доллар шығын келтіргені айтылған қылмыстық ұйымды басқарғаны туралы ақпарат тараған.

Қазіргі уақытта Ыстанбұлда ұсталған азаматқа осы кісі өлтіруді тікелей орындады деген күдік келтіріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу