Жезқазғанда мүлік дауы кісі өлімімен аяқталды

704

Күдікті бұрынғы бизнес сеіртесін атып тастаған.

Жезқазғанда мүлік дауы кісі өлімімен аяқталды

Кеше Жезқазғанда кісі өлімі орын алды. Полиция пәтерден табылған мәйіттің жеке басын анықтады, деп жазады inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 60 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктінің айтуынша, марқұм оның бизнестегі бұрынғы серіктесі болған. Кейін өзара бизнесті жауып, дүние-мүлікті бөліскен. Осының негізінде ер адамдар арасында бірнеше жылға созылған жанжал туындаған. Күдікті гаражда аңшы мылтығын тазалап отырған кезде серіктесінің аулаға шыққанын көріп, оны атып тастаған", – деп жазады ақпарат көзі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу