Ұлытау облысының Жезқазған қаласында саяжай алқабындағы екі үйден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Башенная көшесі бойындағы саяжай аумағында болған. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері өртті толық сөндірді.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу