Жезқазғанда Жастар сарайы ашылды

900

580 шаршы метрлік үш қабатты заманауи ғимарат креативті, шығармашыл адамдарды қызықтыратын орталыққа айналады.

Жезқазғанда Жастар сарайы ашылды

Сарай ғимаратында балаларды ІТ-технологияларға оқыту бойынша тегін үйірмелер, дебат клубы, садақ ату, тоғыз құмалақ және шахмат секциялары жұмыс істейді. Сондай-ақ ғимаратта жас жезқазғандықтар бос уақыттарын өткізе алатын коворкинг-орталық бар.

Сарайда өткен алғашқы ірі іс-шара Қарағанды облысы мен қала әкімінің гранттарын тапсыру болды. Ақшалай сертификаттар 17 жас кәсіпкерге табысталды.

Қала басшысы грантын иеленгендердің қатарында Данагүл Балмағамбет те бар. Бойжеткен былтыр Жезқазғанда оңалту және білім беру орталығын ашқан.

"Мен шағын екі бөлмені жалға алып отырмын. Онда психикалық-сөйлеу дамуының тежелуімен ауыратын және аутист балалармен коррекциялық жұмыс жасаймыз. Сондай-ақ біз мектеп оқушылары айналысатын білім беру орталығының қызметтерін ұсынамыз. Штатта 10 адам бар, оның ішінде логопедтер, психологтар, мұғалімдер. 35-40 бала қабылдаймыз. Жалпы Жезқазғанда оңалту қызметтері өте қажет. Бірақ мен барлығын қабылдай алмаймын. Өйткені біздің ғимаратымыз шағын және барлық қажетті жабдықтар жоқ. 800 мың теңге көлеміндегі гранттық қаражатқа мен балаларға арналған кілемшелер, массаж кушеткаларын, логопедиялық құралдар сатып алуға ниеттімін", – деді Данагүл.

Сонымен бірге ол болашақта орталықты кеңейткісі келетінін, проблемалары бар балалар асырап отырған тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға көмектесу жоспары бар екенін айтты. 

Облыс басшысының гранттарына төрт адам ие болды. 13 адам Жезқазған әкімінің "Үздік бизнес жоба" байқауының жеңімпазы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу