Жыл соңына дейін Жезқазған-Қызылорда автожолындағы қозғалыс толық ашылады

369

Республикалық маңызы бар жолдың құрылысын "Қазавтожол" ұлттық компаниясы жүзеге асырып жатыр.  

Жыл соңына дейін Жезқазған-Қызылорда автожолындағы қозғалыс толық ашылады Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жезқазған–Қызылорда бағытындағы автожолдың реконструкция жұмыстарының барысын қайта бақылап, нысандардағы қазіргі жағдаймен танысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазіргі таңда жолдың 8 учаскесінің үшеуінде үш қабатты асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Тағы 2 учаскеде үшінші қабатты асфальт төсеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар екі көпірдегі құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған. Жезқазған қаласынан шығаберіс аумақта топырақ жұмыстары толық аяқталып, жақын арада асфальт төсеу жұмыстары басталады.

Үш учаскеде жолдың көлденең және бойлық таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін көлік қозғалысын ашу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу