ЖИ камера Астана – Алматы тасжолында болған жол апатын тіркеді

401

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  

ЖИ камера Астана – Алматы тасжолында болған жол апатын тіркеді Фото: qaj.kz

Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында болған апаттық жағдай жасанды интеллекті бар бейнебақылау камерасына түсті. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейнежазбадан жүк көлігінің төмен жылдамдықпен қозғалып келе жатып, жолдың жүру бөлігінде тоқтағанын көруге болады. Алайда көліктің апаттық жарық белгісі қосылмаған. Артынан келе жатқан жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысқан.

Соққы салдарынан жеңіл автокөлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

"ҚазАвтоЖол" тасжолда мәжбүрлі тоқтаған көлікті тиісті белгілермен белгілемеу өзге жүргізушілер үшін үлкен қауіп туғызуы мүмкін екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу