Жасанды интеллект министрлігінде болуы мүмкін

332

Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясының іске асу барысын таныстырды.  

Жасанды интеллект министрлігінде болуы мүмкін Фото: Үкімет

ЖИ қызметкерлерді алмастыру үшін емес, жұмысты жеңілдетіп, өнімділікті арттыру үшін енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиевтің айтуынша, ЖИ-дің негізгі міндеті – адамның орнын басу емес, оның жұмысын тиімді ету. Оның сөзінше, жаңа технологияларды меңгерген мамандарға еңбек нарығында сұраныс арта түседі.

"Жасанды интеллект адамды алмастырады деп алаңдаудың қажеті жоқ. Жаңа технологияларға бейімделіп қана қоймай, қажет болса оларды өзіміз әзірлей білуіміз керек. Алдағы уақытта қызметкерлерді жаппай алмастыру жоспарланып отырған жоқ", – деді ол.

Ал жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мемлекеттік қызмет көрсету саласында да жаппай қысқарту болмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, кейбір қызметкерлер бизнес-процестерді талдау және қайта жобалау бағыттары бойынша қайта даярлануда.

Сонымен қатар Үкімет отырысында дербес деректерді қорғау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері қаралды.

Министрлік азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділікті бақылау тетіктерін жетілдіріп жатыр. Ал салық саласында азаматтардың қосымша заңды табыс көздерін растау тәртібі түсіндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу