"Тапсырыспен жиһаз жасаймын": Қарағандылықтарды алдаған алаяқ ұсталды

127

Ол алдын ала төлем алып, бірақ жұмысты орындамаған.  

"Тапсырыспен жиһаз жасаймын": Қарағандылықтарды алдаған алаяқ ұсталды Фото: gov.kz

Қарағанды облысының полицейлері интернетте алаяқтық жасаған 27 жастағы қала тұрғынына қатысты тергеуді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді ол сот алдында жауап береді. Алаяқ Instagram-да жалған парақша ашып, жиһаз жасауға тапсырыстар қабылдаған. Ол алдын ала төлем алып, бірақ жұмысты орындамаған.

Осылайша, 2020-2023 жылдар аралығында 22 адамды алдап, 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Полиция тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Тек сенімді сатушылардан тауар алып, бейтаныс адамдарға алдын ала төлем жасамауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу