Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің чемпионы атанды

1463

Қазақстандық Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің чемпионы атанды Фото: Ашық дерек көздерінен

Әлемнің 447-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Ж.Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 771-сатыда тұрған грекиялық Элени Христофимен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Сөйтіп, Жібек Құламбаева чемпиондық тұғырға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу