"Жібек жолы" кеден бекетінің құрылысы бітуге таяу

261

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданындағы қайта жаңғыртылып жатқан "Жібек жолы" кеден бекетін тексерді.     

"Жібек жолы" кеден бекетінің құрылысы бітуге таяу Фото: gov.kz

Стратегиялық маңызы бар нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Алты жолақты бекет тәулігіне 70 мың адамды, 2 мың автокөлікті және 200 автобусты өткізуге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыс әкімінің алдыңғы айтылған ескертпелері назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылған. Нысанда құрылыс қарқыны сақталып, инженерлік инфрақұрылым толық аяқталған, қазіргі таңда сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Нұралхан Көшеров құрылыс сапасын сақтап, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу