Жидек пен саңырауқұлақ тергенге төленетін салық: Бұл норма кімдерге қатысты қолданылмайды?

1038

Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы мәселеге байланысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz. 

Жидек пен саңырауқұлақ тергенге төленетін салық: Бұл норма кімдерге қатысты қолданылмайды? Фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, алымның бұл түрі осыған дейін де болған.

"Айырмашылық бұрын алым тек ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, саябақтарда, қорықтарда және т.б. таралса, қазір барлық жерде болмақ. Екіншіден, салықтың бұл түрі қарапайым тұрғындарға қатысты емес. Оның дәрі-дәрмектерді шығаратын немесе коммерциялық мақсатта қолданатын кәсіпкерлерге қатысы бар", - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Министр "мектепке дайындалу үшін қаражат жинау мақсатында жазда жидек теріп, оны сататын көпбалалы отбасылар салық төлей ме?" деген сұраққа да жауап берді.

"Жоқ, олар салық төлемейді", - деп қорытындылады ведомство басшысы.

Еске салайық, осыған дейін елімізде жабайы өсімдік түрлерін пайдаланатындарға салық салынатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу