Жітіқарада дропперлікпен айналысқан 2 адам ұсталды

190

Қылмыстық іс сотқа жолданды.    

Жітіқарада дропперлікпен айналысқан 2 адам ұсталды Фото: gov.kz

Сотқа дейінгі тергеу барысында олардың ақшалай сыйақы үшін бұрын таныс емес тұлғаларға банктік шоттарды бергені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кейіннен аталған шоттар алаяқтық әрекеттер нәтижесінде жәбірленушілерден ұрланған ақша қаражатын шығару үшін пайдаланылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айыпталушылар өз кінәларын толық мойындады.

Айта кетейік, 2025 жылғы қыркүйектен бастап заңнамаға банктік шоттарға, төлем құралдарына және сәйкестендіру құралдарына қолжетімділікті заңсыз беру, табыстау және алу, сондай-ақ төлемдермен ақша аударымдарын заңсыз жүргізу үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық құрамы енгізілді.

Аталған баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен бірге 7 жылға дейінбас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Жыл басынан бері Қостанай облысында дропперлік бойынша 22 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 2 іс сотқа жолданды. Өңірде алаяқтыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде алаяқтықтың жалпы саны 19,1%-ға (293-тен 237-ге дейін), ал интернет-алаяқтық12,3%-ға (235-тен 206-ға дейін) төмендегені байқалады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының ұсыныстары бойынша екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 307 млн теңгені құрайтын 112 несиені тоқтатты. Соттарда жалпы сомасы 293 млн теңгені құрайтын 191 талап-арыз қанағаттандырылды.

Қостанай облысының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді"жеңіл табыс" ұсыныстарына алданбауға және өздерінің банктік шоттары мен жеке деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу