Жиырмадан астам қойын көлік қаққан шопан әкімшілік жазаға тартылды

582

Атырау облысында Ravon R4 автокөлігі жиырмадан астам қойды қағып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазалы inbusiness.kz.

Жиырмадан астам қойын көлік қаққан шопан әкімшілік жазаға тартылды

"25 шілде күні сағат 06:30 шамасында Жантерек елді мекенінің аумағында Атырау-Ақтөбе тас жолының 400-шақырымында Ravon R4 автокөлігінің жүргізушісі 24 қойды қағып кетті. Оқиға салдарынан 1,2 млн теңгеге материалдық шығын келтірілген", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция шопанға қатысты "ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін" әкімшілік хаттама жасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу