Жоғалған адам Мәншүк Мәметова шыңының мұздығынан табылды

812

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің мәлімдеуінше, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тапқан ер адам аман, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жоғалған адам Мәншүк Мәметова шыңының мұздығынан табылды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды Мәншүк Мәметова шыңының мұздығын жаяу аралау кезінде тапқан. Жоғалған ер адам қатты тоңған. Дегенмен ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. 

"Қазіргі уақытта республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы туристпен бірге таудан түсіп келе жатыр", – деді Талғат Уәли. 

Кеше жоғалып, бүгін табылған адамды республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар мен альпинизм федерациясының альпинистері бірлесіп іздеді. Жоғалған адамды табуға "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Естеріңізге салайық, бұдан бұрын Іле Алатауындағы Мәншүк Мәметова шыңын бағындырған турист жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу