Жоғалған баланы іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

743

Жоғалған баланы іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалған баланы іздестіру жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды 24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада аталған ауданға қарасты Ынтымақ ауылынан шығып, Кіші саз жайлауына бет алған бес баланың бірі тау ішінде із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Осы оқиғаға байланысты жедел-іздестіру тобы құрылып, тау-тасты түгел кезіп шықты. Бірақ 7 жастағы Ернұр Сәдуақас әлі табылған жоқ.

"Сол себепті мамандар бала жоғалған жерді әуеден шолуға кірісті. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оған құқық қорғау органдарынан – 40, төтенше жағдайлар қызметінен 10 адам жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер тобы да үлкен көмек көрсетіп жатыр", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу