Жоғалған бір жасар баланың денесі табылды

1104

Баланың жоғалғанына 4 күн болған еді.

Жоғалған бір жасар баланың денесі табылды

Төрт күн бойы іздеуде болған бір жасар Әлиханның денесі табылды. Бала үйінің маңындағы құдыққа құлап кеткен екен, деп хабарлайды altaynews.kz.

Еске сала кетсек, бала үйінің ауласында ойнап жүрген жерінен із-түссіз жоғалып кеткен. Средигорное ауылында құтқарушылар тобы, полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ, еріктілер тобы іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын. Олар ауыл аумағындағы шұңқырларды, жерқоймаларды, өзен жағалауын шарлап шықты.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүлдіршіннің денесі бүгін өз үйінің маңындағы құдықтан табылыпты. Баланың денесі құдықтың түбінде тұнып қалған лай қабатының астында жатқан екен.

"20 тамыз күні полиция қызметкерлері үйдің маңындағы құдықты қайта тексерген. Суды сорып алып, түбін лайдан тазарту барысында Әлихан Талғатовтың денесі табылды. Қазір ПД жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеруде. Комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалып, баланың мүрдесі Сот сараптама орталығына жіберілді", – деп хабарланады ШҚО полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу