banner

Жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

677

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

17 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған 1988 жылғы әйелдің денесі таудан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталының дерегіне сүйеніп. 

18 қыркүйек күні Алматының Әуезов аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан туған әпкесі В.В.Солдатованың жоғалып кеткендігі туралы арыз түскен.

Арызданушының айтуынша, 17 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында В.В.Солдатова үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Сонымен қатар арызданушының сөзінше, әпкесі өзінің жігітіне тауға баратынын айтқан, сәлден соң жігітке өзін өрмекші шағып алғанын жазған. 

Іздестіру іс-шаралары барысында таулы аймақта өзен бойынан В.В.Солдатованың денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу