Жоғарғы сот кеңесі: Судья лауазымына үміткер 32 адам психологиялық тестілеуден өткен жоқ

402

Психологиялық тестілеуге барлығы 88 кандидат қатысқан.  

Жоғарғы сот кеңесі: Судья лауазымына үміткер 32 адам психологиялық тестілеуден өткен жоқ Фото: inbusiness.kz

ҚР Жоғарғы сот кеңесі Судья лауазымына біліктілік емтиханының шеңберінде өткізілген психологиялық тестілеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, судья лауазымына біліктілік емтиханынның төртінші кезеңі – судьялыққа кандидаттардың психологиялық тестілеуден өтуі аяқталды.

"Психологиялық тестілеуге, жалпы алғанда, 88 кандидат қатысты. Психологиялық тестілеудің нәтижелері бойынша тестілеуден сәтті өткен 56 кандидат біліктілік емтиханынның келесі кезеңі – Біліктілік комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасуына жіберіледі", - делінген хабарламада.

Қалған 32 кандидат психологиялық тестілеуден өте алмай қалған.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заңға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу