Жоғарғы сот судьялары маманданған заңгерлерден жасақталады

1130

Мемлекет басшысы тағайындауға ұсынатын сот өкілдеріне қойылатын талаптар өзгереді.

Жоғарғы сот судьялары маманданған заңгерлерден жасақталады Фото: Максим Морозов

Жоғарғы сот төрағасына қойылатын талаптарға да өзгеріс енуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Қанат Мусин айтты.

"Заң жобасында мемлекет басшысы тағайындауға ұсынатын Жоғарғы сот  төрағасы және Жоғарғы сот судьялары лауазымдарына кандидаттарға қойылатын талаптарға қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл түзетулер елдің Жоғарғы сот органына құқықтың мамандандырылған салаларында, мысалы, салық құқығында немесе жер қойнауын пайдалану құқығында көп тәжірибесі бар көрнекті заңгерлерді тартуға бағытталған. Бұл неғұрлым даулы істер бойынша сот төрелігінің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бүкіл сот жүйесіне оң әсерін тигізеді", - деген Мәжіліс өкілі түзету тек Президент ұсынысымен тағайындалатын тұлғаларға қатысты екенін ескертті. 

"Бұл түзетулердің басқа судьяларға қатысты болмайды. Енгізілетін нормалар әкімшілік әділетті енгізудің бастапқы кезеңінде жүктемені тең бөлуге, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылар және жария даулар туралы істерді қарау жөніндегі сот практикасының ара-жігін ажыратуға мүмкіндік береді", - деді Қанат Мусин.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу