Жоғарғы сот судьясы Ерден Әріпов басқа қызметке ауысты

675

Жоғарғы сот судьясы Ерден Әріпов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы сенат отырысында мәлім болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жоғарғы сот судьясы Ерден Әріпов басқа қызметке ауысты

Ерден Рауанұлы ӘРІПОВ еңбек жолын 1986 жылы бұрынғы Жезқазған облыстық атқару комитетінің нотариат бойынша Әділет бөлімінің аға кеңесшісі лауазымынан бастаған.

1991-1992 жылдары Жезқазған облыстық халық депутаттар Кеңесінің аға кеңесшісі болған.

1992-2000 жылдары дейін Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының судьясы.

2000-2008 жылдары Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының төрағасы.

2008-2010 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы.

2010-2012 жылдары Алматы қалалық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы.

2012-2015 жылдары Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

Жоғарғы сот судьясы қызметінде 2015 жылдың желтоқсан айынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу