Жоғарғы сот Трамптың азаматтықты шектеу жарлығын қолдады

353

Бұл туралы Евроньюс телеарнасы хабарлады.  

Жоғарғы сот Трамптың азаматтықты шектеу жарлығын қолдады Фото: pbs.org

АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың туылған жері бойынша азаматтық құқығын шектеу туралы жарлығына төменгі соттардың тоқтату шешімдерін заңсыз деп танып, Трамптың жағына шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елдің бас соты жергілікті соттардың бұл жарлықты АҚШ бойынша тоқтату кезінде өз өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады. Бұл жарлық "жер құқығы" деп аталатын, Америка жерінде туған балаларға автоматты түрде азаматтық беруді қамтамасыз ететін қағиданы шектейді.

Трамп Жоғарғы соттың шешімін "тарихи жеңіс" деп атады.

Ол: "Ашық айтқанда, бұл демократияға үлкен қауіп төндірді. Төменгі соттар жеке істер бойынша шешім қабылдаудың орнына бүкіл елге заңды диктант жасады" – деді.

Президент қызметіне кіріскен алғашқы күні Трамп заңсыз немесе уақытша тұрған шетелдіктердің Америкада туған балаларының азаматтық алу құқығын жоятын жарлыққа қол қойған. Оған қарсы ондаған штаттар АҚШ Конституциясының 14-ші түзетулерін бұзады деп шағымданды. Бұл түзетуге сәйкес, Америка жерінде туған кез келген адам азамат болып есептеледі. Көптеген судьялар жарлықты ел көлемінде уақытша тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу