Жоғарғы сұраныстағы екі бағытта жүретін пойыздарға 25 вагон қосылады

1025

Ал алдағы 10 жыл ішінде жаңа 1200 вагон сатып алынады

 Жоғарғы сұраныстағы екі бағытта жүретін пойыздарға 25 вагон қосылады

  

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ы  2019 жылдың тамыз айында жоғарғы сұраныстағы екі бағыт  - "Алматы- Маңғыстау" және "Нұр-Сұлтан – Сарыағаш" пойыздарының құрамын 25 жаңа плацкарттық вагондармен толықтырады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығы.

Жаңа вагондар ауа салқындатқыш жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар заман талабына сай комфорт пен қауіпсіздік деңгейі, экологиялық  таза әжетхана орындары, өртке қарсы дабыл жүйелері ескерілген.

Жаз маусымында ұлттық тасымалдаушыға қарасты барша вагондар іске қосылады. Ал алдағы 10 жыл ішінде жаңа 1200 вагон сатып алынады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу