Жоғары білімнің ақысы 3 есе қымбаттауы мүмкін

921

"Университет ұстаздарының да айлығын көбейту керек".

Жоғары білімнің ақысы 3 есе қымбаттауы мүмкін Фото: Серікжан Қобыланбаев

Қасым-Жомарт Тоқаев университет ұстаздарының айлығын көбейтудің тәсілін нұсқады.

"Біз Педагог мәртебесі туралы заң заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО оқытушысының жалақысы мұғалімнің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыруы керек. Мұны мемлекеттік гранттардың құнын арттыру арқылы жүзеге асыруға болады", – деген Президент білім беруг гранттарының құнын көтеру арқылы университеттердің жағдайын жақсартуға болады деген ой айтты..

"Дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне ерекше назар аударған жөн. Мұның бірнеше себебі бар. Соның бірі – жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі. Әрине, бұл қосымша инвестицияны талап етеді. Осыған орай біз білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық. Яғни, грант құны 3 есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. Бұл маңызды қадам. Өйткені грант құны 2011 жылдан бер өскен жоқ", – деді мемлекет басшысы. 

Оның айтуынша,  елдегі таңдаулы 10 университетті әлемнің үздік 500 оқу орнын қатарына қосатын кез келді. 

"Еліміздің 10 жоғары оқу орны әлемнің үздік 500 универистетінің қатарына қосылуы керек.  Жоғары білім беру сапасының негізгі көрсеткішінің бірі – осы. Бұл межеге 2025 жылы жетуіміз қажет. Ол үшін қосдипломдық бағдарламаларды дамытып, студенттердің сырттай, іштей, академиялық мобильділік формаларын енгізу қажет. Қазақстандық университеттер базасында әлемнің жетекші ЖОО-ларының кампустарын құрған жөн. 10 ЖОО-да "академиялық үстемдік орталықтары" ашылуы керек. Студенттердің сапалы әрі қауіпсіз өмір сүруі үшін 5 жыл ішінде 90 мыңнан кем емес жатақхана орнын салу қажет", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу