Жоғары оқу орындарын қаржыландырудың қандай жолдары бар?

885

Назарбаев Университеттің Жоғары білім беру мектебінің  ғылым департаменті директорының міндетін атқарушы Закир Жұмақұлов жоғары білім беруді қаржыландырудың балама жолы туралы айтты.

Жоғары оқу орындарын қаржыландырудың қандай жолдары бар?

Закир Жұмақұлов inbusiness.kz берген сұхбатында жоғары оқу орындарын қаржыландырудың дәстүрліден, яғни мемлекеттік грант пен оқу ақысын студенттердің өздері төлейтін коммерциялық негізден бөлек жолын ұсынады.

"ЖОО-лар басқа да көздерден қаржы таба алады. Дегенмен де, бір өкініштісі, бізде басқа көздерден пайда табуға әлі де болса дағдылана қоймаған. Мысалы, дамыған елдерде университеттер түлектерінің жанашырлықпен берген қаржылай көмектерінен ғана айтарлықтай қомақы қаржы көріп отыр. Ол үшін не істеу керек? Біріншіден, студенттер университет қабырғасында жүргенде уақытын жақсы өткізетіндігіне және сапалы білім алып шығатындығына көз жеткізулері керек. Ешқашан баға үшін ақша төлемесін! Егер баға үшін ақша берсе, ол оқу орнын ешқашан сыйламайды, кейін ешқашан қаржылай көмек бермейді. Әр студентке қамқорлықпен қарап, оқу корпусының интерьерін әдемілеп, дәліздерде жұмсақ дивандар мен ыңғайлы үстелдер қойған абзал. Білім алушылардың университетке алғысы шексіз болып, осы ЖОО-да оқығанын мақтан тұтуы маңызды",– дейді ол.

Оның айтуынша, Құрама Штаттарда студенттеріне сабақтан кешікпесін, дұрыс тамақтансын, әрі дәрістеріне риза көңілмен барсын деген мақсатпен, тегін таңғы ас беретін университеттер де бар. Бұдан кейін түлектер оқыған ұясын әрқашан жылы көңілмен еске алады дейді ол. Яғни оқу орны студентке болашақ инвестор секілді қарауы керек екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу