Жоғары оқу орындарының диплом беру тәртібі өзгереді

1252

2021 жылдан бастап диплом жаңа тәртіппен табысталады.  

Жоғары оқу орындарының диплом беру тәртібі өзгереді

Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі

"ЖОО-ларға академиялық дербестік бекітілген, яғни оқу орындары дербес түрде өздерінің академиялық бағдарламасын әзірлеп, диплом береді. Қазіргі кезде жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламасын бұрынғыдан жылдам аша алады", – деді вице-министр.

Мирас Дәуленовтің айтуынша, ең бастысы бағдарлама жұмыс берушілердің  сұранысына жауап беруі және білім сапасына сай болуы тиіс.

"2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгісі бойынша диплом береді. Осы арқылы академиялық дербестікті кеңейтуге қадам жасалдады.

Жоғары оқу орындары өз еркімен дипломның форматын, сондай-ақ оны табыстау жүйесін айқындайды", – деді вице-министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу