Жойқын жер сілкінісінен 19 адам мерт болды

709

Индонезияның Ломбок аралында тербелісі 6,6 балдық зілзала болды.

Жойқын жер сілкінісінен 19 адам мерт болды

Индонезияның Ломбок аралында болған жойқын жер сілкінісінен кемінде 19 адам мерт болды, деп хабарлайды France-Presse агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Индонезияның Ломбок аралында тербелісі 6,6 балдық зілзала болды. Жер дүмпуінің ошағы Матарам қаласынан (319 мың тұрғыны бар) солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырымда тіркелді. Ол 10 шақырым тереңдікте болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу