Жоқ мүлікке салық салған

1568

Зейнеткер өсімпұлдарды төлеуден шаршаған.

Жоқ мүлікке салық салған Фото: freepik

Салық органдарының пайымдауынша Қарағандыда 70 жасар зейнеткердің бірнеше үйі, жер телімі, гараждары мен көліктері бар көрінеді. Ал, негізінде қарт адамның бірде-бір мүлігі жоқ. Ол әпкесінің ақшасына өмір сүремін дейді. 

Юрий Ивановтың жүйкесі жұқарып біткен . Оның әпкесі жиі жедел жәрдемге жүгініп, бас қысымын түсіруге арналған дәрі ішеді. Мұның себебі, 8 жыл бойы мазалап жүрген салық органдарының хаттары. Ер адам әпкесінің қолында тұрады. Оның ешқашан мүлігі болған емес. Соған қарамастан, оған қандай да бір пәтерлерге, көліктерге, жер учаскелері мен гараждарға салық салынған.

"Олар бұл салықтарды қайдан алады? Маған ылғи жіберіледі. Аспаннан ала ма, түсінбеймін. Егер менде көліктер, гараждар, пәтерлер болмаса? Неліктен мен біреуге үнемі төлеуім керек?", - деп налиды Қарағанды тұрғыны Юрий Иванов. 

Жыл сайын ер адам салықты тексеруге барады. Әр жолы оған барлық қарыздарды есептен шығаруға уәде беретін көрінеді. Бірақ, кеше тексергенде, 15 мың өсімпұл қосылған. 

"Кеше ол салық органдарына тағы барды. Оның картасы бұғатталды. Енді біз тіпті зейнетақы ала алмаймыз! Мен не болып жатқанын мүлдем түсінбеймін. Қалай? Адамда мүлдем ештеңе жоқ, Көмектесіңізші. Картаны бұғаттан алып тастау үшін,  және оған енді бұл салықты мойнына ілмеу үшін не істейміз?", - дейді Юоийдің әпкесі Тамара Коросталева.

Мұндай жағдай Қарағандыда бірінші рет болып отырған жоқ. Бірақ, осы уақытқа дейін Мемлекеттік кірістер басқармасында қателер түзетіліп келді. Бір күн бұрын салықтағылар  зейнеткерге олар көмектесе алмайтындықтарын айтты. 

"Біздің деректеріміз бойынша осы адамның салық берешегі бар. Бірақ, бұл қарызы 2017 жылға дейін 2 гараж үшін есептелген. Уәкілетті органның мәліметтері бойынша ол оның меншігінде болған. 2017 жылдан бастап есептеулер жүргізілмейді", - деп жауап берді Қарағанды облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Алтынай Байдалина.

Жыл сайын тіркеуші органдар техникалық түгендеу бюросы азаматтарға тиесілі барлық мүлік көрсетілген салық базасына береді. Осы мәліметтер негізінде олар жер мен мүлік салығын есептейді. Юрий Ивановқа техникалық түгендеу бюросына хабарласып, қатені сол жерден іздеуге кеңес беріледі. Немесе өсімпұлды төлеу қажет. Егер зейнеткер бұл гараждардың жоқтығын дәлелдей алса, олар салықты қайта есептеуге уәде береді.

Сондай-ақ, ол сот орындаушысына картасын бұғаттан ашу үшін зейнетақы оның жалғыз табысы екендігі туралы өтініш жазуы керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу