Жоқ пәтерді 10 рет жалға берген: Қарағандыда студенттерден 2,2 млн теңге алған әйел ұсталды

258

Тергеу барысында алаяқтыққа қатысты 10 дерек анықталды.  

Жоқ пәтерді 10 рет жалға берген: Қарағандыда студенттерден 2,2 млн теңге алған әйел ұсталды Фото: sibdom.ru

31 жастағы күдікті әлеуметтік желілерде шын мәнінде жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыру жариялап, жәбірленушілерден алдын ала төлем алып отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алаяқтық схемасы тамыз айында жүзеге асқан. Әлеуметтік желілерде студенттерге тиімді бағада пәтер жалға берілетіні туралы хабарландырулар жарияланған. Жарнамадағы пәтерлердің фотосуреттері интернеттегі ашық дереккөздерден алынған.

Арзан баспана іздеген жастар хабарландыруда көрсетілген нөмірге хабарласып, пәтерді жалға алу үшін алдын ала төлем жасаған. Алайда ақша аударылғаннан кейін әйел байланысқа шығуын тоқтатқан.

Ал уәде етілген пәтерлердің шын мәнінде болмағаны анықталған. Бірнеше жәбірленушінің полицияға шағымдануынан кейін жедел қызметкерлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Тергеу барысында алаяқтықтың 10 дерегі дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 2,2 миллион теңгеден асты. Барлығы – арзан баспана іздеген студенттер.

Қазіргі уақытта полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Сондықтан жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу