Жоқ пәтерлерді "жалға берумен" айналысқан алаяқ әйел ұсталды

1509

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоқ пәтерлерді "жалға берумен" айналысқан алаяқ әйел ұсталды

Жоқ пәтерлерді жалға берген павлодарлық әйел ұсталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлық жедел уәкілдер Қазақстанның қалаларында ұзақ мерзімге пәтерді “жалға берумен” айналысқан 27 жастағы павлодарлықты ұстады.

"Әйел OLX сайтында жарнама жариялаған, онда “крыша” бөлімінде тұрғын үйді жалға беру үшін қолайлы баға ұсынып, азаматтарды қызықтыру үшін интернеттен элиталық пәтерлердің фотосуреттерін пайдаланған. Хабарландыруға қоңырау шалған кезде басқа қалада іссапарда екенін айтып, картасына алдын ала төлем жасауды сұраған. Пәтерге қызыққан азаматтар алдын ала төлемді белгіленген карта нөміріне жіберген, пәтер 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін болған. Алдын ала төлем алғаннан кейін ол байланысқа шықпай, WhatsApp мессенджері арқылы хат алмасқан", – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Полицейлер әйелдің осындай 40-қа жуық фактіге қатысы бар екенін анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қыз қамауға алынған. Оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу