"Атырау – Доссор" тасжолы 4 жолаққа дейін кеңейтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өткен жылы аталған аумақта 43 жол-көлік оқиғасы болып, 24 адам көз жұмған. Ал, жыл басынан бері 2 ірі апат тіркелді. Сондықтан жолды кеңейту жобасы жасалды.
Жауаптылардың айтуына қарағанда, жол салу жұмыстары 3 жылға созылады. Әзірге жоба құны 140 млрд теңге деп бекітілді. Нарықтағы бағаға қарай өзгеріс болуы мүмкін. Алдағы уақытта "Доссор – Құлсары" бағытындағы жолды да кеңейту жоспарда бар.
"Ақпанның аяғы, наурыз айында мердігер мекеме анықталады. Қазір жобалау жүріп жатыр. Содан 3 жылдың ішінде құрылыс-монтаж жұмысы бітеді. Сол мердігер мекеме өз тарапынан күтіп-ұстау жұмыстарын 7 жыл атқарады. Жолдың ұзындығы Атыраудан Доссор кентіне дейін 86 шақырым", – деді "ҚазАвтоЖол" ҰК облыстық филиалының директоры Ардақ Қайреденов.