ТикТоктағы тікелей эфирде "ағаларым бар" деп мақтанған жігіттер ұсталды

167

Сондай-ақ олар бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

ТикТоктағы тікелей эфирде "ағаларым бар" деп мақтанған жігіттер ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы тікелей эфир барысында жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер автокөлікті жедел анықтап, құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Көлік жүргізушісі – 18 жастағы қала тұрғыны Абылайхан Баймағамбетов маневр жасау және көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды. Ал жолаушы – 18 жастағы Санжар Алтынбекке қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталды.

"Сот шешімімен Абылайхан Баймағамбетов 10 тәулікке, ал Санжар Алтынбек 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", – делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция кез келген заңсыз әрекет назардан тыс қалмайтынын, сондай-ақ әрбір құқық бұзушылыққа тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу