Астана, Алматы және Шымкентте жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзатындарды жүргізуші куәлігінен айыруға мүмкіндік беретін жаңа балдық жүйе толықтай тексеріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚР ІІМ мәліметінше, ЖЖҚ бұзғаны үшін жүргізушілерге әкімшілік айыппұлмен қатар балдар есептеледі. Балдарды есептеу үшін ереже бұзу туралы мәліметтер Бас прокуратура сервисі – әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінен түсіп отырады.
Жүргізуші бір күнтізбелік жыл ішінде 20 балға жеткен бойда, ол 1 жылға көлік басқару құқығынан айырылады. Куәлікті мерзімінен бұрын қайтару мүмкін емес.
Бұл ретте жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды қайта тапсырудың қажеті жоқ.
Жүргізушілер әрбір ереже бұзудың ауырлығына қарай 1-ден 3 балға дейін алады.