ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында осы мәселеге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жол көлік оқиғаларының 75%-ы және жаяу адамдарды қағып кетуден болған өлім-жітімнің 28%-ы елді мекендерде тіркелген. Жалпы жаяу жүргіншілермен болған апаттардың ең көп үлесі Шымкент (102), Алматы (1 007), Астана қалаларында (190), Алматы (505), Жамбыл (311), Түркістан (158), Маңғыстау облыстарында (133) байқалды. Бұл көбінесе – жаяу жүруге арналған жолдардың жоқтығына, жарықтың тартылмауына байланысты", – деді Ішкі істер министрі.
Оның айтуынша, елімізде жол қоршаулары орнатылмаған өңірлер жетіп артылады. Олардың антирейтингін Алматы, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы көш бастап тұр. Республика аумағындағы жалпы қажеттілік 2 млн метрден асады. Инфрақұрылым мәселесі мұнымен аяқталған жоқ. Себебі ел аумағында қарапайым бағдаршам орнатылмаған көше қиылыстары да баршылық болып шықты.
Министрдің сөзінше, республика бойынша әлі 1 200 бағдаршам, 1 600 кері санақ таблосы, 25 мың жол белгісі және 1 млн шақырымнан астам жол таңбасын орнату қажет.