Жол-көлік оқиғасына Қызылорда облыстық ІІД бастығының қызы кінәлі

1027

Жол-көлік оқиғасына Қызылорда облыстық ІІД бастығының қызы кінәлі

Астана қаласының ішкі істер департаменті Олжас Сүлейменовтің немересі - Ескендір Сүлейменовті көлігімен қағып, өлімге душар қылған жүргізушісі Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының қызы екенін растады.

"Мұхитованың әкесі ішкі істер органында еңбек ететінін, Қызылорда облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов екенін растаймыз", - деді қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында департамент бастығының орынбасары Санжар Әділов.

Естеріңізге салайық, 22 маусым күні Астанада тіркелген жол-көлік оқиғасының салдарынан Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу