Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Апат салдарынан аяғы кесілген 8 жасар қыз баланың отбасына автобус паркінің сақтандыру полисі есебінен 19,6 млн теңге көлемінде сақтандыру төлемі төленеді.
Қазіргі таңда заң шеңберінде тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр. Қосымша автобус паркі тарапынан 10 млн теңге шамасында демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданған.
Отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек берілген.
Сонымен қатар, ауруханада жатқан 2 науқас та сақтандыру төлемін алады. Оларға өзге де әлеуметтік-психологиялық қолдау шаралары көрсетіліп жатыр.
Зардап шеккен баланың жағдайы тұрақты, бөлімшеге ауыстырылған.