Жол құрылысына бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді

1023

Жол құрылысына бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді

Маңғыстау облысында Бейнеуден Өзбекстан шекарасына дейінгі автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары басталды.

Көлік дәлізі Құрық портынан өзге елдерге жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Жол құрылысына мемлекет қазынасынан 20 млрд теңге бөлінген. "Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы" тас жолының ұзындығы 85 шақырымды құрайды. Ескі жолды қайта жаңғырту жұмыстарының басталуына әсіресе Бейнеу ауданының жұртшылығы қуанды. Себебі жүзге тарта жергілікті тұрғын құрылыс басында еңбек ететін болады.

"Айналамыздағы Иран сияқты мемлекетке, Ресей, бүкіл Кавказ елдеріне, Түрікменстан мемлекетіне, Өзбекстанға тікелей жол ашылып, бүкіл дүние жүзінің қарым-қатынасының үлкен қақпасына айналды. Орта есеппен есептегенде 68 пайызға дейін Қытай мемлекетіне шығатын үлкен жолдың торабы бүгінде осы Ақтау, Маңғыстау жері арқылы өтіп жатыр. Оның бәрі тәуелсіз Қазақстанның мүмкіндіктеріне жатады. Бейнеу ауданында жолмен қатар ауыз су тапшылығы мәселесі де шешілетін болды. Сарға ауылына су құбырын тарту жұмыстары басталды.  Алдағы жылы 200 отбасы өз үйінен таза ауыз су ішетін болады",- деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу